«Зырян қаласының №1 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ » КГУ "Начальная школа №1 города Алтай"
Коммунальное государственное учреждение
"Начальная школа № 1 города Алтай"
отдела образования по району Алтай
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (72335) 7-77-87
Бухгалтерия:
7 (72335) 7-77-87
Версия
для слабовидящих
«Зырян қаласының №1 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
16
июнь
2017

«Зырян қаласының №1 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

                                                                           Зырян ауданы әкімдігінің
                                                                           2012 жылғы 23 сәуірдегі №1138 қаулысымен
                                                                           «БЕКІТІЛДІ»
 
 
«Зырян қаласының №1 бастауыш мектебі» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
 
1. Жалпы ережелер
1.1. «Зырян қаласының №1 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – мемлекеттiк мекеме)  бастауыш білім беру функцияларын жүзеге асыру үшiн мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесiне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
1.2. Мемлекеттiк мекеменiң түрi:  коммуналдық
1.3.  Мемлекеттiк мекеме Зырян ауданы – Зырян қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі №1138  шешiмiмен құрылды.
1.4. Мемлекеттiк мекеменiң құрылтайшысы Зырян ауданының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
1.5. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттiк мекеменiң мүлкiне қатысты құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган «Зырян ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
1.6. Мемлекеттiк мекеменiң атауы (мемлекеттiк меншiктiң түрiне тиесiлiгiн, ұйымдық құқықтық нысаны мен ведомстволық бағыныстылығы көрсету): коммуналдық.
1.7. Мекеменің атауы:
Мемлекеттік тілде: «Зырян қаласының №1 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа № 1 города Зыряновска».
1.8. Мемлекеттiк мекеменiң тұрған жерi: 070804  Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қ., Бурнашов бульвары 1.
2. Мемлекеттiк мекеменiң заңдық мәртебесi
2.1. Мемлекеттiк мекеме ол мемлекеттiк тiркелген кезден бастап құрылды деп есептелiп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
2.2. Мемлекеттiк мекеменiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерiмi, банкте шоттары, бланкiлерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк мекеменiң атауы жазылған мөрi болады.
2.3. Мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
2.4. Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң кепiлдiгiндегi ақшамен жауап бередi. Мемлекеттiк мекемеде ақша жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
2.5. Мемлекеттiк мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерi, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде тiркелгеннен кейiн  күшiне енедi.
3. Мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мәнi мен мақсаттары
3.1. Мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мәнi: бастауыш білім беру саласындағы білім беру қызметі.
3.2. Мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мақсаты:
1)  тәрбиелеу мен оқытудың жаңа технологиясын енгізу үшін жағдайлар жасау, бастауыш білім беру үрдісінде балалардың мүдделері мен қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру;
2) баланың психикалық, интеллектуалдық дамуы, оны оқуға дайындау бойынша өз уақытында мемлекеттік тапсырысты орындау;
3) әрбір баланың өмірі мен денсаулығын, оның рухани тепе-теңдігі мен  денсаулығын сақтау;
4) салауатты тұлғаны тәрбиелеу үшін ата-аналарға көмек көрсету;
5) мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде оқу жоспары және оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-тәрбиелеу үрдісін жүзеге асыру;
6) оқушылардың бейімділігі және қабілеттеріне сәйкес тереңдете, бейіндік және дифференциялды оқытуды қамтамасыз ету;
7) оқу-тәрбие үрдісінде тілді оқыту және дамытуды қамтамасыз ету;
8) азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің білім алу қажеттілігін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылатын қосымша білім беру есебінен тәрбиелеу және оқыту үрдісін байыту;
9) оқытудың жаңа технологияларын енгізу  болып табылады.
3.3. Мемлекеттiк мекеме мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
1) мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту;
2) бастауыш білім беру;
3) қосымша білім беру;
4) инклюзивті білім беру;
Мемлекеттiк мекемеге жарғыда бекiтiлген өз қызметiнiң мәнi мен мақсаттарына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелер жасауға тыйым салынады.
3.4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі:
3.4.1. стандарттық бағдарламаларды қолдану:
-       мектепке дейінгі білім беруде мектептегі оқуға дайындау, балалардың дамыту деңгейін арттыру, олардың денсаулығын нығайту, танымдық қызығушылықтарын, топта жұмыс істей алуын қалыптастыру;
-       бастауыш мектепте -  білім беру үрдісінің тең құқылы субьектілері ретінде оқушы мен оқытушы ынтымақтастығының педагогикалық ортасын құру, терең білім алу негізінде негізгі мектепте оқуды жалғастыру; бастауыш білім,  негізгі мектептің білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқушылардың оқу, жазу, санауды, оқу әрекетінің негізгі дағдысы мен іскерлігін, теориялық ойлау элементтерін, оқу әрекетінің өзін-өзі бақылаудағы қарапайым дағдысын, тәртіп және тіл мәдениетін,  жеке гигиена және салауатты өмір салты негіздерін меңгеруді қамтамасыз ету;
3.4.2. мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш және қосымша білім беру пәндері бойынша авторлық бағдарламаларды пайдалану;
3.4.3. мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып, өз бетінше бағдарламалар әзірлеу және іске асыру;
3.4.4. Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін тәрбиелеу және оқыту нысандарын, құралдары мен әдістерін, сонымен қатар оқу және әдістемелік әдебиеттерді таңдау;
3.5. Мектеп мемлекеттің кепілдігімен Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде тегін мектепке дейінгі, бастауыш білім алу құқығы мен мүмкіндігін ұсынады.
3.6. Бастауыш білім берудің вариативтілігі мен қол жетімділігін, азаматтарды оқыту, тәрбиелеу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, олардың бейімділіктері, қабілеттері, қызығушылықтары, денсаулық жағдайларына сәйкес, Мектеп келесі оқыту нысандарын қолдана алады: іштей, сырттай, қашықтықтан, экстернат.                                                                                                                                          
3.7. Мектеп, азаматтардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медиктік-педагогикалық консультациясының ұсыныстарына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру үрдісін жүзеге асыруға құқығы бар.
3.8. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт Мектепке келе алмайтын азаматтар үшін үйде жеке оқыту ұйымдастырылады.
3.9. Ата-аналар немесе заңды өкілдердің мүдделерін ескере отырып, жергілікті білім беру басқармасы органының келісімі бойынша Мектеп,      компенсациялық оқыту сыныбын (компенсациялық  оқыту – жалпы білім беретін пәндерді меңгеру қиын болатын балаларға ұйымдастырушылық жағдайға бейімделуге мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың  ерекшеліктеріне барабар жағдайлар жасау), ұзартылған күн топтарын, жекелеген пәндерді тереңдете оқыту топтарын ашуға болады.
3.10. 16 жасқа дейінгі балаларды мектептен шығаруға, Уәкілетті органның шешімі бойынша құқыққа қайшы әрекеттер жасау, Мектеп Жарғысын қатаң және бірнеше рет бұзған ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектептен шығару туралы шешім, қамқоршылық және қорғаншылық органының келісімі бойынша қабылданады.
3.11. Мемлекеттiк мекеме басшысының мемлекеттiк мекемемен жарғылық емес қызметтi жүзеге асыруға бағытталған әрекетi еңбек мiндеттемелерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке әкеледi.
 
4.  Мемлекеттiк мекеменi басқару
 
4.1. Құрылтайшы:
4.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге қозғалмайтын мүлікті (жедел басқаруда), материалдық-техникалық базаны бекітеді.
4.2. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіпте:
4.2.1. мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығындар жоспары) бекітеді;
4.2.2. мемлекеттік мекемеге тапсырылған мүлікті тиімді пайдалану және сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
4.2.3. мемлекеттiк мекеменiң басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртiбi мен өкiлеттiк мерзiмiн, мемлекеттiк мекеменiң шешiмдер қабылдау тәртiбiн анықтайды;
4.2.4. конкурстық негізде мемлекеттік мекеме басшысын лауазымға тағайындайды;
4.2.5. мемлекеттік мекеме басшысын лауазымнан босатады;
4.2.6. мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді;
4.2.7. мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің лауазымына үміткерлерді қабылдауға келісім береді;
4.2.8. мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерін жұмыстан бостауға келісім береді;
4.2.9. Мемлекеттік мекеме басшысы және барлық қызметкерлеріне міндетті құқықтық актілер шығарады және нұсқаулар береді;
4.2.10. мемлекеттік мекеме басшысына көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазаға тартады;
4.2.11. мемлекеттiк мекеменiң құрылымы мен шектi штаттық санын бекiтедi;
4.2.12.  жылдық қаржы есептiлiктi бекiтедi;
4.2.13. мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға, мемлекеттiк мекемеге берiлген немесе өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде олар сатып алған мүлiктi алып қоюға немесе қайта бөлуге келiсiмiн бередi;
4.2.14. мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша республикалық мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергiлiктi атқарушы орган коммуналдық мемлекеттiк мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiм қабылдайды);
4.2.15. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4.3. Мемлекеттiк мекеменiң басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етедi және мемлекеттiк мекеме қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттiк мекеменiң жарғысында (ережесiнде) айқындалатын өз құзыретiне сәйкес дербес шешедi. Мемлекеттік мекеменің басшысы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және ол үшін жеке жауапты болады.
4.4. Мемлекеттiк мекеменiң басшысы мемлекеттiк мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, тиiстi саланың уәкiлеттi органына тiкелей бағынады және мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
4.5. Мемлекеттiк мекеменiң қызметтi жүзеге асыруы барысында мемлекеттiк мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен:
4.5.1.  мемлекеттiк мекеме атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
4.5.2. мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүддесiн бiлдiредi;
4.5.3. мемлекеттік мекеменің мүлкіне және қаражатына басшылық жүргізеді, мемлекеттік мекеменің қаржылық және материалдық қаржысының түсімі мен жұмсалуына жыл сайын есеп береді;
4.5.4.  шарттар жасасады;
4.5.5.  сенiмхаттар бередi;
4.5.6. мемлекеттiк мекеменiң iссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн жоғарылатудың басқа да түрлерiне байланысты тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
4.5.7.  банк шоттарын ашады;
4.5.8. барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
4.5.9. өз орынбасарларын, Уәкілетті органның келісімі бойынша бас бухгалтерді  лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4.5.10. кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Еңбек заңына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату құқығын пайдаланады;
4.5.11. ерекше еңбегімен көзге түскен мұғалімдер және мемлекеттік мекеменің басқа қызметкерлерін көтермелейді және наградаларға ұсынады, өз құзыреті шегінде жазаға тартады;
4.5.12. өз орынбасарының және мемлекеттiк мекеменiң басқа да басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды;
4.5.13. оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиiстi саланың уәкiлеттi органы жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
4.6. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
4.6.1. білім беру ұйымы қызметкерлерінің, оқушыларының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына;
4.6.2. өз құзыретіне жататын міндеттердің орындалмауына;
4.6.3. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының бұзылуына;
4.6.4. оқыту және тәрбиелеу үрдісі уақытында білім беру ұйымының оқушылары мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына;
4.6.5. қаржылық – шаруашылық қызмет жағдайына, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражаттың мақсатсыз падалануға;
4.6.6. нормативтік-құқықтық актілерде және еңбек шарты жағдайларында қарастырылған талаптардың бұзылуына жауапты болады.
5. Оқушыларды мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі
 5.1. Мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес деңгейде тәрбие және білім алу үшін осы аумақта тұратын барлық оқушылар қабылданады.
5.2. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңілдіктер ұсынады.
5.3. Оқушыларды қабылдау:
5.3.1. ата-анасының (немесе басқа заңды өкілдерінің) біреуінің өтініші негізінде;
5.3.2. баланың жеке басын куәләндыратын құжат негізінде;
5.3.3. оқушының денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.
5.4. Оқушыларды басқа білім беру ұйымына ауыстыру:
5.4.1. ата-анасының (немесе басқа заңды өкілдерінің) біреуінің өтініші негізінде;
5.4.2. білім беру ұйымында оқуды ары қарай жалғастыруын растайтын құжат негізінде;
5.5. Оқушыларды мектептен шығару ата-аналарының (немесе басқа заңды өкілдерінің) өтініші негізінде жүргізіледі.
5.6. Оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру, үлгерім нәтижелері бойынша мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде жүргізіледі.
 
6. Білім беру-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру,
оқушылардың сабақ режімі
 
6.1.         Мектепте тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6.2.        Мектепте оқыту орыс тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі және шет тілдерін оқыту әр деңгейде білім беруге арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
6.3. Мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру оқу жоспары негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік сабақ кестесімен реттеледі.
6.4. Мектепте білім беру мазмұны жалпыға міндетті білім беру стандартының құрамына енетін оқу пәндері бойынша мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес әзірленген және іске асырылатын оқу жоспарлары және жұмыс бағдарламаларымен белгіленеді.
6.5. Мектептің оқушылардың жекелеген санаттары үшін  психологиялық-медиктік-педагогикалық консультациясының ұсыныстарын ескере отырып, оқушылар мен тәрбиеленушілердің потенциалдық мүмкіндіктері мен даму ерекшеліктерін ескеретін арнайы білім беру бағдарламасын пайдалануға құқығы бар.
6.4. Тәрбиелеу бағдарламалары оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизмді, азаматтылықты, интернационализмді, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыруға, сонымен қатар оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған.
6.5. Оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға жеке-бағдарлық бағыт ерекшеліктері:
6.5.1. мемлекеттік мекеменің оқыту-тәрбиелеу үрдісі жүйесінің назарына бала, оның интеллектуалдық және адамгершілік дамуы алынған;
6.5.2. жеке-бағдарлық тәрбиелеу мен оқыту, тұлғаның интеллектуалдық даму деңгейін, оның жас ерекшеліктері, қабілеті мен талабын ескере отырып оқуға беген дифференциялдық бағытты қарастырады.
6.6. Сабақ режімі және оны өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерімен реттеледі.
6.7. Мемлекеттік мекеменің жұмыс режімі аптасына 6 күнді құрайды.
6.8. Оқушылардың денсаулық жағдайына, оларға медициналық қызметтің көрсетілуіне жүйелі бақылау жүргізуді мектептің медициналық персоналы жүзеге асырады.
7. Білімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізудің нысандары мен тәртібі.  
7.1.Оқушылар үшін:
7.1.1. Мемлекеттік мекеме оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеруін бақылау мақсатында оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.
7.1.2. Мемлекеттік мекеме өз еркімен оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және қорытынды аттестаттау нысанын, тәртібін және мерзімін таңдай алады.
7.1.3. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасын меңгеру Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық құжаттары негізінде оқушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
 
 
8. Ақылы білім беру қызметін  көрсету тізбесі мен тәртібі
 
8.1. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары талаптарынан тыс ақылы негізде төмендегі білім беру қызметін ұсынуға құқығы бар:
8.1.1. оқу жоспары және бағдарламалар бойынша бөлінген сабақ уақытынан тыс, пәндер (пәндер және пәндер циклі) бойынша жекелеген оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыруға.
8.1.2. Ақылы білім беру қызметін көрсететін мемлекеттік мекеме  және білім алушының, оның ата-аналары мен басқа заңды өкілдерінің қарым-қатынасы шартпен реттеледі.
8.2. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде ақылы қызмет көрсетуге; осы жарғының 8.1.-тармағында қарастырылған жағдайдан басқа оқушылар мен педагогикалық қызметкерлерден ақша алуға тыйым салынады.
8.3. Ақылы білім беру қызметін көрсету және ақылы білім беру қызметін көрсетуден түскен қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
9.Білім беру ұйымының  білім алушылармен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын
рәсімдеу тәртібі
9.1. Мектептегі оқыту үрдісінің субьектілері оқушылар, Мектеп қызметкерлері, оқушылардың ата – аналары немесе өзге де заңды өкілдері болып табылады.
9.2. Білім алушылардың:
9.2.1. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес сапалы білім алуға;
9.2.2. Мектеп кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
9.2.3. өзінің бейімділігі мен қажеттілігіне сәйкес қосымша  білім беру қызметін, оның ішінде ақылы білім алуға;
9.2.4. білім беру ұйымын басқаруға қатысуға;
9.2.5.  оқу орнына қайта қабылдануға және біреуінен екіншісіне ауысуға;
9.2.6. Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте білім беру ұйымдары кітапханадарының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
9.7.спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;
9.2.8.өз пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
9.2.9. өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
9.2.10. оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және марапатталуға;
9.2.11. оқу жоспарында қарастырылмаған іс-шараларға еркін қатысуға;
9.2.12. өз ойы мен пікірін еркін білдіруге, ар-ождан, ақпарат еркіндігіне құқығы бар.
9.3. Білім алушылар:
9.3.1. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлік пен практикалық дағдыларды және міндеттерді меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін, білім басқармасы алқалық органының шешімін сақтауға, ұйымның Жарғысында және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде қарастырылған басқа да талаптарды орындауға;
9.3.2. өзінің денсаулығын нығайтуға,  рухани және дене бітімін өздігінен жетілдіруге ұмтылуға;
9.3.3. педагогикалық қызметкердің ар – намысын және дене бітімін өздігінен жетілдіруге ұмтылуға;
9.3.4. мектеп формасын киюге  міндетті.
9.4. оқушылар өз міндеттерін бұзған жағдайда оларға осы Жарғыда және ішкі тәртіп ережелерінде қарастырылған тәртіптік жазалар, немесе білім беру қызметін ұсыну туралы шартта қарастырылған басқа жазалар қолданылуы мүмкін.
Оқушыларға физикалық және психикалық зорлық көрсету әдістерін қолдануға тыйым салынады.
 Мектеп оқушыларына:
9.5.1. үшкір-өткір құралдарды мектепке әкелуге;
6.5.2. жарылу-өрт шығу қаупі бар заттар мен құралдар әкелуге;
9.5.3. мектептің және жеке мүлікті бүлдіруге;
9.5.4. темекі өнімдерін, дәрілік препараттарды, алкогольдік сусындарды, есірткі заттарын әкелуге (қолдануға);
9.5.5. оқу үрдісіне қатысушылардың намысы мен абыройын төмендетуге;
9.5.6. оқу үрдісіне қатысушыларға физикалық және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға тыйым салынады.
9.6.  Оқушылардың ата-аналарының (басқа да заңды өкілдерінің):
9.6.1. білім беру ұйымын баланың қалауын, жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып таңдауға;
9.6.2. ата-аналар комитеті арқылы білім беру ұйымын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
9.6.3. білім беру ұйымынан өз балаларының үлгерімі, тәртібі мен оқу жағдайлары жөнінде ақпарат алуға;
9.6.4.  шарт жасасу негізінде олардың балаларының қосымша білім алуына құқығы бар.
9.6.5. балаларды тәрбиелеу және оқыту проблемалары бойынша консультациялық көмек алуға;
9.6.6. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері шегінде, мекеме және ата-ана немесе басқа заңды өкілі арасында жасалған шарт негізінде баланы бақылау, күту, тәрбиелеу және дамыту жағдайларын жасауды талап етуге;
9.6.7. мекемеде балалармен жұмысты жақсарту және қосымша қызметті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
9.6.8. баланың заңды құқығы мен мүддесін қорғауға;
9.6.9. мемлекеттік мекеме әкімшілігінің рұқсатымен сабақтарға қатысуға  құқығы бар.
9.7. Оқушылардың ата-аналары (басқа да заңды өкілдері):
9.7.1. құқықтары мен міндеттеріне байланысты осы Жарғының талаптарын орындауға;
9.7.2. балаларға өмір сүруі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың интеллектуалдық және дене күшін дамытуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
9.7.3. балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мекемеге көмек көрсетуге;
9.7.4. балалардың оқыту мекемесіне сабаққа келуін қамтамасыз етуге;
9.7.5. баланың оқу үлгерімі мен тәртібін бақылауға;
9.7.6. баланың үй тапсырмасын орындауын, күнделігін үнемі тексеруге міндетті.
9.8. Мектеп оқушыларын ата-анасының (заңды өкілінің) және оқушының өзінің келісімінсіз оқу бағдарламасында қарастырылмаған еңбекке тартуға тыйым салынады.
9.9. Оқушылар мектептен төмендегі жағдайларда шығарылуы мүмкін:
9.9.1. мектеп қызметкерлеріне үнемі бағынбағаны үшін;
9.9.2. бірнеше рет тәртіпті қатаң бұзғаны үшін;
9.9.3. себепсіз үнемі сабақ босатқаны үшін;
9.9.4. адамгершілікке жат тәртібі үшін.
9.10. Мектептен шығару туралы шешімді балалар құқығын қорғау комиссиясының келісімі бойынша педагогикалық кеңес қабылдайды. Педагогикалық кеңестің шешімінен үзінді үш күннің ішінде қол қою арқылы ата-анасына (заңды өкіліне) жеткізіледі.
9.11. Оқу үрдісіне қатысушылардың барлығының басқа құқықтары мен міндеттері оқушыларға арналған бірыңғай талаптар және Мектептің ішкі еңбек тәртібі ережесімен белгіленеді.
10.Меншік обьектілерін пайдалану тәртібі
10.1. Мемлекеттік мекеме құрылтайшы бекітіп берген меншік обьектісін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте білім беру қызметін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады.
10.2. Жер телімі, спорттық құрылымдар, мектеп жанындағы телімдер экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, денені жетілдіру үшін пайдаланылады.
11. Мемлекеттiк мекеме мүлкiнiң құрылу тәртiбi
11.1. Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi мыналардың:
1) оған меншiк иесi берген мүлiк;
2) өз қызметi барысында сатып алған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерi есебiнен құрылады.
11.2. Мемлекеттiк мекеме дербес иелiктен шығаруға немесе оған бекiтiлген мүлiк пен оған смета құралдары бойынша бөлiнген мүлiкке өзгеше тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
11.3. Мемлекеттік мекемені материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру және жабдықтау нормативтік талаптарға сәйкес жүргізіледі.
 11.4. Мемлекеттiк мекеме бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептiлiк ұсынады.
11.5. Мемлекеттiк мекеменiң қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
12.Мемлекеттік мекемені қаржыландыру көздері, олардың қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
12.1.Мемлекеттік мекеменің қаржыландыру көздері:
12.1.1. бюджеттік қаржыландыру;
12.1.2. бюджеттен тыс қаржыландыру;
12.1.3. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ақылы білім беру қызметін көрсетуден түскен кірістер;
12.1.4. демеушілік және қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар және ақшалай қайырымдылық көрсету болып табылады.
12.2. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар және білім беру деңгейі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында белгіленген талаптар негізінде бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің штатын толықтыру тәртібі, еңбекақы төлеу шарттары, олардың құқықтары мен міндеттері
13.1. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің штаттарын толықтыру Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері негізінде жүзеге асырылады.
13.2. Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте белгіленеді.
13. Коллегиялық органдар, оларды құру тәртібі және құзыреті
14.1. Мемлекеттік мекемеде коллегиялық басқару органы құрылады.
14.2. Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, жалпы жиналыс, ата-аналар комитеті және қорғаншылық кеңесі коллегиялық басқару нысаны бола алады.
14.3. Коллегиялық басқару органдарының құзыреті және құру тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен регламенттеледі.
15. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу тәртiбi
15.1. Мемлекеттiк мекеменiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
15.2. Мемлекеттiк мекеменiң құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi.
16. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және
тарату шарттары
 
16.1. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
 
 
 
 
 
«Зырян қаласының №1 бастауыш мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры                              Н.А. Короткова